Егемен еліміздің ресми рәміздері - ту, елтаңба және Гимн болып табылады. Мемлекеттік рәміздерде халқымыздың бірлік пен келісімге деген ұмтылысы, елдегі қоғамдық құндылықтар және Отанымызға деген ұлттық мақтаныш көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, құрметтеу мақсатында Жайсан орта мектебінің 5 "А", "Ә" сынып жетекшілері А.Қ.Абике мен Э.Қ.Қайырғалиұызының ұйымдастыруымен "Еліміздің Рәміздерін қастерлейік!" тақырыбында тақырыптық әңгіме өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың Елтаңба, Туғ Гимн туралы түсініктерін дамыту. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмететуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Аталған тақырып аясында білім алушыларға түрлі сұрақтар қойылып, сұрақ бойынша постерлермен жұмыс жасалды. Сондай-ақ, оқушылар өлең-шумақтар мен мақал-мәтелдерді айтып жарысқа түсе білді. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық - деп өз ойларын түйіндеді.
14.10.2024 жылы Жайсан орта мектебінде "Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тігілген ту" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлардың ерліктерін түсіндіру. Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру - қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан-салалы үдерістерді өзектендіру мақсатында Жайсан орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогы Абике Асель Кабылжановна 10-сынып білім алушыларын №10 Шу колледжіне апарып қайтты. Іс шара барысында колледж басшысы Мусаева Токжан Тохтарбаевна бізді жылы шыраймен қарсы алып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары Омараова Динара Уалихановна колледжінің білім беру бағдарламалары мен оқушылар үшін берілетін мүмкіндіктер туралы сөз қозғап қатысушыларға кәіптік бағдар бойынша кеңестер берді. Оқушыларға колледждергежаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы таныстырылып, студенттер мен оқытушылар құрамы, материалдық- техникалық база мен оқу шеберханалары мен студенттер жатақханасы көрсетілді. Біл оқушыларға жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен болашақтағы перспективаларын айқын түсінуге көмектесті.
Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген "Өз елім менің" атты әдеби кеш
"Біздің арамызда ең көп оқитын, көп білетін ақын - осы Қадыр. Біздің арамызда көп ізденетін, сол іздегенін көбірек табатын да Қадыр" Тұманбай Молдағалиев
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы "Шабыт" жобасы негізінде Жайсан орта мектебінде "Өз елім менің" тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Бүгінгі әдеби кеш мысқылы мірдің оғындай, жазғаны жасын отындай, халқы құрметтеп, қазақтың қадірі атанған, білімдарлығымен баршаны бас идіріп, ақындығымен тәнті еткен, сөз өнерінің майталманы, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына арналды. Әдеби кештің мақсаты - Қадыр Мырза Әлінің әдеби мұрасын ұлықтау, поэзиясының тереңдігін, ойшылдығын және халыққа деген адал қызметін көрсету. Өлеңдері мен жырлары арқылы қазақ халқының рухани байлығын паш ету. Шығармашылығы даналықпен дараланған ақынды ұлықтауға арналған әдеби кеш ұйымдастырушы педагог Даулетказина Мадина Алдабергенқызының ұймдастыруымен өткізілді. Кеш отырысында білім алушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, өлеңдерін оқып, күй шертіп, жыр шумақтарын оқыды. Ақынның өлеңдері мен нақыл сөздері халқымыздың рухани мұрасы, өмірлік ұстанымға айналған асыл қазынасы болып қала бермек. Қазақтың маңдайына біткен дана ақын, Қадыр ақын дүниеден өткенімен, оның артында бай және мол мұрасы қалды. Өзінің бүткіл саналы ғұмырын туған халқына арнап, перзенттік адал махаббат, ыстық ықылысымен оның ар-намысын поэзия көгіне Ту қылып көтеріп өткен дарабоз ақын Қадыр Мырза Әлі шығармалары - халқымыздың келешегі үшін қаншама ғасырлық өлшеммен қызмет етерліктей, теңдесі жоқ құндылық. Қаламының қуатымен, дара дарынымен, ұшқыр ойымен сан қабат тіршіліктің кейбір келеңсіз көріністерін өткір сынай отырып, халқының бар қадыр-қасиетін, мінез-келбетін Қадырдай көрсете білген талант кмде-кем. Ендеше, оған ел құрметі де мәңгілік ! Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы - қарапайымдылық пен тереңдікке толы әлем. Ол адамдық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ санасына ұлттық рух пен тәрбие сіңіре білді. Ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Қадыр Мырза Әліге тағзым етіп, оның мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз. Шырайлы шара Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасангалиевтың "Атамекен" әнімен аяқталды. Осындай тамаша кештің өтуіне зор үлесін қосқан 5 "Ә"-сынып ата-аналарына зор алғыс білдіреміз !