Меню KDT

logo.png?_=1713164499

КГУ «Жайсанская средняя школа» Шуского районного отдела образования Управление образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • 2023-2024 оқу жылы                                                                                     21/12/2023
    Шу ауданы 
    Жайсан ауылы
    Жайсан орта мектебі
    Қамқоршылық кеңес
    Мектеп директорының 2023-2024 оқу жылының бірінші
    жарты жылдығы бойынша мектепте атқарылған жұмыстардың есебі

     

    Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу - барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз - жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. 
    Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. 
    Тәрбие мен білім өзара ты,ыз байланысты, бір бірініен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және  мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің қасиетті шаңырағында өткізілген "Әділетті Қазақстан - Адал азамат"  атты II Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: "Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі" - дей келе, Әділетті Қазақстанды ұру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы
    қажеттігін;
    халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын атап өтті. 
    Білім қызметкерінің әлеуметтік мәртебесін, педагогикалық мамандықтың беделін көтеру мен еңбекке ынталандыру мақсатында тараптар келесі жағдайларға қол жеткізді:
    Жұмысқа жаңа түсіп жатқан, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлермен еңбек қорғауғ балалар өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты қауіпсіз атқарудың әдіс-тәсілдері, жарақат алушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөнінде инструктаждар өткізіліп тұрады.
    Жұмыс жоспарына сәйкес өрт қауіпсіздік, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мектебімізде 2 қосалқы есік бар,сынып бөлмелерінде өрт сөндіргіш   баллондардың жұмыс істеп тұрғандығы тексеріліп, және дәрі-дәрмек қобдишасының сақталу мерзімі жіті қадағаланады. Тәрбие үдерісі бойынша мектебіміздегі жасөспірімдердің  ұжым қызметкерлерінің, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін аудандық ішкі істер бөлімімен байланыс орнатып, қазіргі кездегі күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелер жалған ақпарат тарату, мектептегі жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, құқық бұзушылық фактілері, телефон алаяқтары оларға қарсы қандай жазабар деген тақырыптарда кездесулер ұйымдастырып ақпараттандыру жұмыстары жиі жүргізіледі. Нәтижесінде мектепте ПБ де, мектепішілік есепте тұрған оқушылар жоқ, ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ. Ерте жүктілік, суицид, оқушылар арасындағы әлімжеттік, бопсалау фактілері орын алмаған. Ұжым қызметкерлерінің ұйымшылдығы өте жоғары деп айта аламын. Мектепте өткізілетін мәдени іс-шаралардан, мемлекеттік мерекелерді өткізу кезінде барлығы білек сыбана ат салысады. Ұжым қызметкерлері туған күн иелерін құттықтау, қызметкерлердің отбасындағы қайғылы хабарға ортақтасып көңіл айтудан бірде бір рет қалған емес. Бұлда бір ұжымның ауызбіршілігінің сүттей ұйып тұрғанын көрсетуде. Мектебімізде игі жұмыстардың барлығында әр қызметкердің өзіндік қолтаңбасы қосқан үлесі бар. Мектеп ауласын көгалдандыру жақсы жолға қойылған. Түрлі жеміс ағаштары егілген. Бірінші сынып оқушылрының "Менің атаулы ағашым !" акциясы аясында отырғызған алма ағаштары жемісін бере бастады. Әрі осындай жұмыстардың нәтижесін тегіс ұжым көріп, оқушыларымыз аудандық, облыстық эко жобаларға, байқауларға қатысып жүлделі орындар алуда. Мектептің материалдық - техникалық жағдайы жасақталған. Барлық сыныптар бөлмелері компьютерлермен, интербелсенді тақтамен және түгел дерлік қалыпты деңгейде жұмыс істеп тұр. Жаңа модификациялыұ 1 кабинет бар. Олар: биология кабинеті. Әжетханалардың барлығы мектеп ішінде. Оқушыларға арналған сыртқы әжетхана жабық тұрады. Жылу жүйесі қатты көмірмен, екі пеш жұмыс істейді. Қазандыққа жылына 120 тонна көмір тиесілі. Су орталықтандырылған ауыз су жүйесінде. Мектете оқушылар саны - 135 оқушы. Сөзімді қорытындылай келе, ұжының жұмысын заң аясында тиімді үйлестіру бір ғана адамның қолынан келмейтінін атап айтқым келді. Бұл мектептегі жүзеге асып жатқан әр жұмыстарға әр қызметкердің жауапкершілікпен қарап, ісіне бекем болған кезде ғана жақсы нәтиже береді.                                            
                                                          Мектеп директоры:                                Е.Н. Абуев
    2023-2024 оқу жылы                                                                                                     20.05.2024
    Шу ауданы
    Жайсан ауылы
                                                                                     
                                                                                Жайсан орта мектебі
                                                                       Жалпы ата-аналар жиналысы
                                                                   Мектеп директорының 2023-2024 оқу жылы бойынша мектепте
                                                  атқарылған жұмыстардың жылдық қорытынды есебі.
    2023-2024 оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Миистрлігінің 2023ж 19 қыркүйек  №294 бұйрығының негізінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы", Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы, ҚР білім және ғылым министрінің 2020жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 2 қосымшасы,  Оқу-ағарту министрінің 2022 жылы 27 тамыз № 382 бұйрығы негізінде барлық білім беру ұйымдарына арналған "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізге алынды. 
    "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" - ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. 
    Ұлттық мүдде құндылықтарын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді. 
    Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді. 
    Талап құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын ақпараттық , медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.
    Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер білім бру мазмұнының жылдам қарқында талап етіп отырған заманда, білім саласында тың өзгерістер болып жатыр. Барлық пән мұғалімдері курстан өткен, білікті ұстаздар. Бүгінгі күнде мектебіміз бойынша жалпы кітаптар қоры жеткілікті. Жалпы оқушылар 100 айыз оқулықпен қамтылды. Биылғы 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша жалпы оқушы саны 121, озат - 34, екпінді - 44, білім сапасы 70/90 пайызды көрсетіп тұр. 11-сыныпта 5-оқушы, оның барлығы ҰБТ-ге дайындалуда. 
    Мектептің жылдық жетістіктері төмендегідей болды. 
    Республикалық жарыстар бойынша жетістіктер;
    "Абай оқулары" I.II.III дәрежелі дипломдар, "Мағжан оқулары" республикалық конкурсы II.III дәрежелі диплом "Мұқағали оқулары"  II.III дәрежелі дипломдар, "Зерде" республикалық шығармашылық ғылыми жоба.байқауы II дәрежелі диплом, "Алтын ұрпақ" зияткерлік олимпиадасы II.III дәрежелі дипломдар.
    Аудандық жарыстар бойынша жетістіктері:
    "Тілім - өлшеусіз қазынам" атты сырттай шығарма жазу байқауы III дәрежелі диплом. Мейірбай Кәусар жетекшісі Даулетказина Мадина . Құттымұрат Елнұр - жетекшісі Нұралиева Гүлнұр. 
    "Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты сурет байқауы. Алғыс хат Мейірбай Кәусар. 9-сынып "Алғыс хат" Мұқатай Жанель, Әбдіқадыр Баян. "Жырлайды жүрек" Мұқағали Мақатаев III дәрежелі диплом Мейірбай Кәусар, 7-сынып  Рымтай Алинұр Алғыс хат, "Жаз! Жаз! қалам жорғалап "  жас ақындар сайысы Мұхаметкерім Арайлым II дәрежелі диплом жетекшісі Рахымбаева Айжан,
    9-11сынып "Мектеп лига"  кіші футбол диплом, "Табиғат лирикасы" 4-сынып оқушысы Серік Данияр II дәрежелі диплом"Эко волонтер " еріктілер байқауы II дәрежелі диплом  жетекшісі Нұралиева Гүлнұр, "Табиғатты аяла " жас өлкетанушылар экологтар менен табиғат зерттеушілерінің аудандық форумы, I дәрежелі диплом 6-сынып оқушысы Алексеева Алина жетекшісі - Турсагалиева Айгерім.
    Аудандық Бауыржан оқулары "Сыр айтам саған халқым, ұға білсең"III дәрежелі диплом 9-сынып Тілеуқабыл А., "Тілім - өлшеусіз қазынам" III дәрежелі диплом 5-сынып оқушысы Құттымұрат Елнұр
    "Бабалар оқулары" II дәрежелі диплом 9-сынып Тілеуқабыл Айнель"Ақберен" өнер және білім байқауы. "Ақындар мүшәйрасы" II  дәрежелі диплом 11-сынып Мақаш Маржан. Кіші футбол 3-4 сынып II дәрежелі диплом. "Оқуға құштар мектеп", "Үздік оқырман отбасы" III дәрежелі диплом 4-сынып оқушысы Абдикадирова Амина. 
    Мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында құқық бұзып мектеп ішілік тізімге алынған, ПБ-де  тізімінде тұрған оқушылар болған жоқ. 
    "Мектепке жол" акциясы "Қамқорлық" акцияларында "Қайырымдылық жасауға асығайық" ұранымен ауыл жастарының демеушілік 5 оқушыға 30000тг көлемінде сарбаздар формасы, оқу құралдары алып берілді. 
    Мектепте жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы, сауықтырылуы және бос уақытын ұйымдастыру мақсатында да біраз жұмыстар жоспарлануда. Аз қамтылған отбасынан шыққан 3 оқушы Файзулла Сабина, Абу Берік, Кеулімжай Ертөре бюджет есебінен қала сыртына лагерьге жіберілуі туралы сұраныс берілді. "Қазақсатн халқына" қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өткен "Қайырымдылық" күніне орай "Он Жаздық жолдама - 2024" қайырымдылық жобасы бойынша "Үздік" оқушылардан 5 оқушыға 5-сынып Құттымұрат Елнұр, 6-сынып Алексеева Алина, Аманжол Айкерім, 7-сынып Асхархан Нұрхан, 8-сынып Нұрилаға сыртқы лагерьге жолдама берілді. 
    50 оқушы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру демалыс лагерінде бір реттік тамақпен қамтылып, демалуы жоспарлануда. 
    Мектеп бітірушілердің куәлігін тапсыру кеші 13/06/2024ж жоспарланып отыр. 
    Мектеп мұғалімдері 2024ж 3/06, 18/06 еңбек демалысына жіберіледі. 
                                                                       Мектеп директоры:                          Е.Н. Абуев

    26 қаңтар 2024ж.                                                                                                                                             №5

                                                  Ресурстық орталықтың сессия жұмысының басталуы туралы

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 02.01.2024 жылғы №02-08 хатына сәйкес және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 12.01.2024ж. №22 бұйрығы және М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)  КММ-нің 26.01.2024 жылғы №46 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
    1. Мектеп желісіне кіріктірілген магниттік шағын жинақталған мектептердің 8-11 сынып оқушыларының сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы қаңтар айының 29-нан, ақпан айының 23 күндері аралығында 8-9-10-11 сыныптар қысқы сессия жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілсін. 
    8-9 сыныптар        29.01. - 09.02.2024ж.
    10-11 сынып           12.02.- 23.02.2024ж.
    2. Сессия кезіндегі жүргізілетін жұмыс жоспарлары құрылып бекітілсін. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау сынып жетекшілерге бекітілсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау мектеп психологы Г.Диханбаеваға міндеттелсін, жүктелсін. 

                                                                      Мектеп директоры:                            Е.Н. Абуев
     


    19 наурыз 2024ж.                                                                                                                                            №16
                                                  Ресурстық орталықтың сессия жұмысының басталуы туралы

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 14.03.2024 жылғы №03-1176 хатына және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 18.03.2024ж. №230 бұйрығы және М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)  КММ-нің 18.03.2024 жылғы №149-ж/қ бұйрығына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
    1. Мектеп желісіне кіріктірілген магниттік шағын жинақталған мектептердің 8-11 сынып оқушыларының сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы сәуір айының 1-26 к.ндері аралығында 8-9-10-11 сыныптар қысқы сессия жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілсін. 
    8-9 сыныптар              1-12.04.2024 ж.
    10-11 сынып                 15-26.04.2024ж. 
    2. Сессия кезіндегі жүргізілетін жұмыс жоспарлары құрылып бекітілсін. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау сынып жетекшілерге бекітілсін. 
    3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау мектеп психологы Г.Диханбаеваға міндеттелсін, жүктелсін.



                                                                      Мектеп директоры:                   Е.Н. Абуев

                 


    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки