Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен 12-16 жас білім алушылары арасында "Қазақ ертегілері" атты аудандық байқау өткізілді. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің қазақ ертегілерін оқуға қызығушылығын арттыру және ынталандыру. Халық шығармашылығының құндылықтарынотбасында сақтау. Қазақ әдебиетін оқумен айналысатын білім алушыларды қолдау. Байқау "Жас суретшілер" мен "Жануарлар достығы туралы қысқы қиял-ғажаып ертегі" атты номинациялары бойынша өткізілді. Аталған байқауға Жайсан орта мектебінің 8-сынып оқушысы Абдихадиров Нұрдаулет Абдикеримович қатысып III-дәрежелі дипломға ие болды. (Бұйрық №10, хаттама №8, тіркеу №207) Жетекшісі: Даулетказина Мадина Алдабергеновна. Жарайсың, Нұрдаулет! Қылқалам шеберін осынау жетістік пен шалқар шабыт тілейміз!
"Заңға құрмет - тәртіп кепілі" атты үздік эссе байқауы
Облыстық "Заң және тәртіп" айлығының іс-шаралар жоспары негізінде "Заңға құрмет - тәртіп кепілі" атты үздік эссе байының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты: "Заң және тәртіп"құндылықтарын дәріптеу, оқушылардың заң талаптарын түсінуін және құрметтеуін қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ, құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Аталған байқауға Жайсан орта мектебінің 3-сынып оқушысы Жұмағали Балым Нұрланқызы қатысып, жүлделі I-орынға ие болды. (Хаттама №109 10.02.2025 жыл Бұйрық №8 10.02.2025 жыл. Тіркеу №2144) Жетекшісі: Бекбергенова Айжан Бейбитовна. 5-сынып оқушысы Жұмағали Райана Сержанқызы қатысып, жүлделі II-орынға ие болды. (Хаттама №109 10.02.2025 жыл. Бұйрық №8 10.02.2025 жыл. Тіркеу №2149) Жетекшісі: Даулетказина Мадина Алдабергеновна. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Умбетова Сауле Суебайқызы құттықтап, марапаттарын табыс етті. Шабыттарыңның тайқазаны маржан сөздерге толы болсын, қыздар! Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!
Аудандық "Жырлайды жүрек" атты шығармашылық байқау
Қазақстың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан Мақатаевтың туған күніне орай Шу ауданында "Жырлайды жүрек" атты шығармашылық байқау өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақтың ақиық ақынға деген сүйіспеншілік құрметін арттыру арқылы оқушы талантын шыңдау, тіл байлығын арттыру. Байқау "Көркем сөз" және "Сахналық қойылым" номинацияларынан тұрды. Аталған байқауға Жайсан орта мектебінің білім алушылары "Көркем сөз" номинациясы бойынша қатысты. Нәтижесінде, 3-сынып оқушысы Смаилбек Адина Даниярқызы "Ей өмір!" өлеңін оқу арқылы "Алғыс хатқа" ие болды. (Бұйрық №6 Хаттама №7 Тіркеу №196) Жетекшісі: Бекбергенова Айжан Бейбитовна. 5-сынып оқушысы Абдихадирова Амина Абдикеримовна "Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!" өлеңін оқу арқылы "Алғыс хатқа" ие болды (Бұйрық №6 Хаттама №7 Тіркеу №198) Жетекшісі: Даулетказина Мадина Алдабергеновна 10-сынып оқушысы Мұхаметкерім Арайлым "Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен" өлеңін оқу арқылы III-дәрежелі дипломға ие болды. (Бұйрық №6 Хаттама №7 Тіркеу №180) Жетекшісі: Нуралиева Гулнур Газизовна. Мектеп мақтаныштарының жеңісімен өқттықтаймыз!!! Алты алаштың ардақтысына айналған ақиық ақын Мұқағали мұрасы жас ұрпақ жадында мәңгігеқалары анық ....
Шығармашыл ұстаз - білім мен тәрбиенің бұлағы
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап ететіні сөзсіз. Осы орайда, Шу ауданында "Педагогикалық идеялар фестивальінің" аудандық кезеңі өткізілді. Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақсатн мектептері басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді: 1. "Білім берудегі менеджмент жүйесі" (директорлар, ұйым директорларының орынбасарлары, әдіскерлер); 2. "Шеберлік палитрасы" (пән мұғалімдері); 3. "Шығармашылық толқын" (бастауыш мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары); 4. "Сабаұ аяқталған кезде ...." (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім берудің педагог қызметкерлері); 5. "Психологтың қоржыны" (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, дефектологтар). Аталған фестивальдің "Білім беру жүйесіндегі менеджмент" бағыты бойынша Жайсан орта мектебінің тәрбие ісі жөнінен орынбасары Умбетова Сауле Сүйебайқызы "Ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие берудегі әдіс-тәсілдер" атты педагогикалық идеясын ұсынып, жүлделі II-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз !!! Алар асуыңыз бен шығар белестеріңіз биік болып, мектебіміздің мерейі үстем болсын!
Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсансан ауылы Жайсан орта мектебінің ұйымдастырушы педагогы Даулетказина Мадина Алдабергеновна
Шабытты ұстаз - шығармашыл шәкірт
Бүгінгі күні білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістер алдында білімді дайын күйінде ұсынып қоймай, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, бәртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Шығармашыл ұстаз - бұл тек білім беруші ғана емес, шәкіртінің ой-өрісін кеңейтетін, оларды жаңа мүмкіндіктерге жетелейтін тұлға. Осы тұрғыда Жамбыл облыстық білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің әдіскері Сержанкүл Аметқызының ұйымдастыруымен 2 -10 сынып оқушылары арасында аудандық "Eco-Science" атты ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық проблемаларға көпшіліктің назарына аудару. Байқау "Жасыл экономика" және "Қоршаған ортаны қорғау" бағыттары бойынша өткізілді. Аталған байқауға Жамбыл облысы Шу ауданы Жайсан ауылы Жайсан орта мектебіні 10-сынып оқушысы Мұхаметкерім Арайлым "Қоршаған ортаны қорғау" бағыты бойынша " Тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға асыру" атты ғылми жобаны қорғап, нәтижеснде жүлделі II-орынға ие болды. Жетекшісі: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Умбетова Сауле Суебайқызы. Оқушының жетістігі - ұстаздың абыройы мен еңбегінің нәтижесі. Дарынды да, білікті шәкірттеріміз көп болып, мектебіміздің мерейі үстем болсын. Оқушылардың жетістігі - біздің ең үлкен мақтанышымыз!
Білікті ұстаз - білімді ұрпақ негізі
"Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі"
Шу ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің базасында "Сабақ Time" жобасы аясында "Тарих-география сабақтарында топтық жұмыс белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану" тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Аудандық семинарға Жайсан орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Умбетова Сауле Суебайқызы 7-сынып білім алушыларына "Табиғи аумақтық кешендер" тақырыбында сабақ өткізді. Ашық сабақтар циклінде өз өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін "Сертификатқа" ие болды. Аталған ашық сабақ республикалық ғылыми-әдістемелік "Тағылым " журналының №02 (133) ақпан 2025 жылғы нөміріне жарияланды. Әріптесімізді осынау лайықты марапатымен құттықтап, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізге тілектестік білдіреміз.
Білімді ұрпақ - білікті ұстаз бейнесі.
Жайсан орта мектебінде "Zerdeli" ақыл ой дамыту орталығы мен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 3-4 және 5-6 сынып білім алушылары арасында "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы өткізілді. Мақсаты: Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру, ғылымға байлу, жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Аталған олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 12 оқушы қатыстырылып, жеңімпаз оқушылар марапатталды. 4 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Нәтижесінде, 3-сынып оқушысы Асқархан Жансезім Әділқызы аудандық кезеңде белсенділік танытқаны үшін "Грамотаға" ие болды. Жетекшісі: Бекбергенова Айжан Бейбитовна 4-сынып оқушысы Пайзулла Сабина Меирбекқызы III-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Есполова Рабиға Досанқзы. Директордың оқу-тәрбие ісі жөнініен орынбасары Ермекова Дана Қуантайқызы жеңімпаз оқушыларды марапаттап, өз ризашылығын білдірді.
Білімді ұрпақ - білікті ұстаздан ..... ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы
Шу ауданының білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің жыдық жоспарына сәйкес Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің базасында "Сабақ Time" жобасы аясында химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған "Сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу мақсатына қол жеткізу" тақырыбында аудандық ашық сабақтар циклы өткізілді. Аудандық семинарға Жайсан орта мектебінің химия пәні мұғалімі Оңалбаева Айткүл Әуесханқызы 9-сынып білім алушыларына 2 (II) - топ металды жіне олардың қосылыстары №8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтар циклінде өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін "Сертификатқа" ие болды. Аталған ашық сабақ республикалық "Тәжірибе алаңы" журналының №12 (51) желтоқсан 2024 жылғы нөміріне жарияланды. Әріптесімізді осынау лайықты марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Шығармашыл ұстаз - мұғалім ізденісі мен еңбегінің жемісі
Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім қор даңққа бөленуге тиіс.
Білім алушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының II-кезеңі (аудандық) өткізілді. Аталған конкурсқа мектебімізден 5-сынып оқушысы Жұмағұл Райана Сержанқызы "Ағылшын тілі" секциясы бойынша "Чипсылардың пайдасы мен зияны" атты зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі III-орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Жамбыл Жібек Жайылханқызы 3-сынып оқушысы Кеулімжай Сафия Сакенқызы "Информатика, робототехника STEM инженерия" секциясы бойынша "Смартфон қосымшаларын дұрыс пайдалану" атты зерттеу жұмысын қорғап шықты. Нәтижесінде "Бас жүлдеге " ие болып, конкурстың III-кезеңіне (облыстық) жолдама алды. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі III-орынға ие болды.
Ғылыми жетекшісі Бекбергенова Айжан Бейбитовна. Талаптарың оң, жеңістерің құтты болсын!, - деген ізгі тілек айта отырып, мараптты мектеп директоры Абуев Ерлан Нұрқасымұлы мен директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары Ермекова дана Қуантайқызы табыс етті.