"Үйлесімді және тиімді тамақтану" тақырыбында мектеп медбикесі Ф.К.Рустембекова 2-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жақсы тамақтанудың тоғыз принципінің әрқайсысына тоқталып, кеңінен аша білді.
Дәрумендер әлемі Жайсан орта мектебінің әлеуметтік педагогы М.А.Даулетказина 4-сынып оқушыларына "Дәрумендер әлемі" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Дәрумендер мен минералдар ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін өте қажет. Адам тәулігіне бірнеше миллиграмм дәрумен ғана қажет етеді, бірақ оның биологиялық белсенділігі өте жоғары. Оқушылар дәрумен жетіспеушілігі - құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайтындығы туралы түсінік ала білді.